"Бір баррелі – 15$". ХВҚ жариялаған болжам  мұнай өндіруші елдерді орнынан қозғап жіберді

Dalanews 19 сәу. 2025 12:24 361

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жариялаған болжам мұнай өндіруші елдерді орнынан қозғап жіберді. Қор зерттеуіне сәйкес, 2040 жылдардың басында «қара алтынның» бір баррелі 15 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Бұған себеп ретінде осы кезеңде әлемнің көптеген елдері электромобильдерге көшіп, бүгіндері әлемдік мұнай тұтынысының 40% - дан астамын құрайтын отын жағатын қозғалтқыштағы автомобильдерден жаппай бас тартатыны айтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ХВҚ мәліметтері бойынша, экономикасын дер кезінде әртараптандырып үлгермеген елдер ұзаққа созылатын әрі ауыр дағдарысқа тап болуы ықтимал. Орташа алғанда, мұндай мемлекеттердің кірістері мен тұтынысын қалпына келтіруге кем дегенде 20 жыл кетуі мүмкін.

Әсіресе, импорт мұнай кірісі есебінен қаржыландырылатындар қиын жағдайға бейім: жалпы алғанда, мұнай экспорттаушы елдер бойынша бұл үлес 79%, ал Парсы шығанағы араб ынтымақтастық кеңесінің (GCC) елдерінде 94%-ға дейін құрайды.

Қазақстан да аса қауіпті аймақта. 2024 жылы шикі мұнай қазақстандық экспорттың жалпы көлемінің 52% -ын құрады, ал "қара алтыннан" түсетін кірістер елдің шоғырландырылған бюджетіне түсетін түсімдердің шамамен 50% -ын қамтыды.  Ағымдағы есеп бойынша, фискалдық тұрақтылық үшін Қазақстанға мұнайдың бір баррелі $100 деңгейінде болғаны қажет.

Ал бағаның 15 долларға дейін төмендеуі бюджет апатын танытады, мұндай бюджеттің 45% -67%-ың басқа көздерге ауыстыру қажет болады. ХВҚ экономистері радикалды қадамдарға бармаса, Қазақстан екі онжылдықта 6 678 млрд долларға дейін жиынтық табысын жоғалту қаупі бар екенін ескертеді.  Бұл жан басына шаққандағы тұтыныстың 20-30%-ға төмендеуіне және ондаған жылдар бойғы экономикалық тоқырауға ұшыратуы ықтимал.

Мұндай сценарийдің алдын алу үшін сөзден іс-әрекетке дереу көшу ұсынылады: ел экономикасын әртараптандыруға кем дегенде  67,9 млрд доллар инвестиция салу керек.

Рақымбек Әбдірахманов, SPIK аналитикалық орталығы 

Бұған дейін сайтымызда "Мұнайдың бір баррелі 40 долларға дейін арзандауы мүмкін - Goldman Sachs" атты мақала жарияланған болатын. Сондай-ақ Халықаралық валюта қоры әлем елдеріне сауда соғысы жағдайында не істеу керектігін айтқанын жазғанбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар