Freedom Inside '26

Қазақстанда 1 шілдеден бастап газ қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда 1 шілдеден бастап газ қымбаттауы мүмкін
Ulysmedia

Қазақстанда табиғи газдың көтерме бағасын 1 шілдеден бастап 33 пайызға арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бағаны көтеру алдағы жылыту маусымына дайындық және газ инфрақұрылымын жаңартуға байланысты.

Баға өсуіне әсер еткен себептердің бірі - газ өндіру көлемі азаюы. Кейінгі айларда Теңіз кен орнында және бірқатар басқа нысанда болған техникалық ақаулар салдарынан өндіріс көлемі төмендеген.

Мамандардың пікірінше, көтерме баға өсуі бүкіл энергетика саласына әсер етуі мүмкін. Ең алдымен бұл бизнес пен өнеркәсіпке салмақ түсіріп, кейін тарифтер қымбаттауына ықпал етуі ықтимал.