Доллар арзандап жатыр

Кәмшат Тілеухан 29 сәу. 2025 16:38 287

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 29 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 512,32 теңгені құрап, бір тәулікте 1,18 теңгеге тағы арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Ұлттық Банктің 29 сәуірге бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 513,68 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметтері бойынша, еліміздегі ақша айырбастау орындарында бүгіндері 1 АҚШ доллары 511,5-513,9 теңге, 1 евро 583,5-587,5 теңге аралығында сатылып-сатып алынып жатыр

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бүгін тағы аздап төмендеді. 

  • ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 1,19%-ға арзандап, 1 баррелі 65  долларды құрады. 
  • NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 0,86%-ға арзандап, 1 баррелі 61,13 доллар болды.

Бұған дейін сайтымызда Freedom Broker-дегі техникалық ақаулық KASE-дегі сауда-саттық көлемінің күрт қысқаруына әсер етуі мүмкін екенін жазғанбыз. Сондай-ақ сайтымызда "Теңге бағамы нығайып жатыр. Неге?" деген мақала жарияланған болатын. "Доллар енді бұрынғыдай болмайды, евроға үйрене беріңіздер - белгілі экономист" деген мақаланы да бізден оқи отырыңыздар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар