Қазақстандықтар несиеге тауар алуды азайтқан

Қазақстандықтар несиеге тауар алуды азайтқан
gov.kz

Қазақстандықтар несиеге тауар алуды азайтқан. Бұл ретте елдегі сауда көлемі өсіп жатқанымен, оның қарқыны баяулаған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы сауданың нақты көлем индексі 105,1%-ды құраған. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 107,0% болған.

Баяулау әсіресе бөлшек сауда саласында айқын байқалады. Биыл көрсеткіш 103,4%-ға дейін төмендеген. Бір жыл бұрын ол 106,1% болған. Ал көтерме сауда салыстырмалы түрде тұрақты сақталып отыр: 105,9%. Өткен жылы бұл көрсеткіш 107,4% болған.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік тауарларын сату 10,5%-ға өскен. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар небәрі 0,6%-ға ғана артқан.

Сарапшылардың айтуынша, бұл халықтың күнделікті қажетті заттарға көбірек ақша жұмсай бастағанын көрсетеді. Ал техника, жиһаз және киім-кешек секілді ірі сатып алуларға сұраныс айтарлықтай баяулаған.