Әлеуметтік желіде Дикий Арман лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевтің түрмедегі видеосы тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Видеода қылмыс әлемініе серкесі қолында Құранды ұстап, мемлекетке опамыздық жасамағанын айтады.
"Менің кітабым - Құран. Ешқашан мемлекетке, халқыма қарсы шыққан емеспін. Бәрін Алла разылығы үшін, халқым үшін жасадым. Ақиқатын Алла біледі. Ерте ме, кеш пе шындық ашылады", - дейді видеода Жұмагелдиев.
Еске салайық, былтыр 14 қазанда Алматы қаласында Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляциялық шағымдарды қарау басталған еді.
Бұған дейін осы іс бойынша атышулы «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылған.
2025 жылдың 7 қаңтарында сот Қаңтар оқиғасына қатысы бар 44 айыпталушыға үкім шығарған болатын. Олардың арасында Арман Жұмагелдиев, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақов бар.
Сот үкіміне сәйкес, Арман Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және 24 адамды заңсыз бостандығынан айырғаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға сотталды. Қайрат Құдайбергенге – 8 жыл, ал Руслан Искаковқа – 15 жыл 6 ай түрме жазасы және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
Оқи отырыңыз: