Дикий Арман әйелімен ажырасты

Көркем Алдабергенова 09 сәу. 2026 14:35

Арман Жұмагелдиев әйелімен ажырасты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл ақпаратты Дикий Арманның әйелі Айкол Аликжанова растады. Ол Арман Жұмагелдиевпен заңды некеде болғанын атап өтті. Ажырасу туралы шешімді Арман қабылдаған. 

"Үлкен махаббатпен үйлендік, ал қазір оның бастамасымен ажырасып жатырмыз. Мен оны күтуге де, қолдауға да дайын едім. Бірақ Алла басқаша шешті. Біздің бір қызымыз бар, ол оның жалғыз баласы. Оған дейін оның ешқашан ресми некесі де, балалары да болмаған.

Арамызда ешқандай дұшпандық жоқ, біз бір баланың ата-анасымыз", - дейді ол. 

Айкол мәлімдемесінде жеке өміріне қатысты мән-жайды айтуға міндетті емес екенін жеткізді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove