Дағдарыс жағдайындағы инвестициялық саясат

Dalanews 27 мам. 2016 04:58 1026

Өткен аптада Қазақстанның Еуразиялық Бизнес Қауымдастығының аясында ҚР инвестициялық климатын жақсарту мақсатындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге дипломаттар, шетелдікбизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Жиын барысында сөз алған ҚР инвестициялар жəне даму министрі Әсет Исекешов «Қазақстан оңтайлы инвестициялық климатты құруға, қолдауға дайын» екенін айтты. Өз сөзінде министр: «Елбасымыз Н.Назарбаевтың бұйрығымен инвестициялық шаралар үшін интеграциялық жүйе құрылды. Бұл жүйе инвесторлар тобымен бірлесе жұмыс атқаруды қамтамасыз етеді. Жүйе инвесторлардың барлық деңгейін (сыртқы - орталық - аймақтық) қолдайды. 2016 жылдан бастап ҚР инвестициялар жəне даму Министрлігі инвесторлар үшін One-Stop-Shop жүйесіне енді. Бұл дегеніміз - барлық инвесторлар өзіне қажетті ақпарат, шешім, лицензия, коммуналдық қызметтің барлығын бір жерден алатын болады. Жылдың басынан бері One-Stop-Shop арқылы 500 инвесторға қызмет көрсетілді» деп атап өтті.

Сондай-ақ, министрдің сөзінше, тағы бір ең маңызды бағдарлама -  еліміздің экономикалық дамуын арттыратын инфрақұрылым құру. Бұл мемлекеттік секторларға да, жеке секторларға да өте тиімді.

Жалпы, Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін инвестиция экономикалық саясаттың ең негізгі бағыттарының бірі. Бұл тарапта бұған дейін қабылданған Индустриаландыру бағдарламасы өз нәтижесін беріп келеді.Мәселен, 2010-2015 жылдар аралығында индустриалдыру бағдарламасы аясында аймақтарға жарты триллион теңге инвестиция тартылған.  Ақтөбе облысы – 889,3, Шығыс Қазақстан облысы – 884,3 миллиард, Павлодар облысы – 855,7 миллиард, Алматы облысы – 757,6 миллиард теңге. Ал, соңғы 11 жылда елге 220 млрд. доллар шамасында тікелей шетел инвестициясы  тартылған. Бұл дегеніңіз, мыңдаған жұмыс орны, жаңа технология, жаңа өнім.

Әлемдік экономика әр кез түрлі дағдарыстарға тап болып тұрады. Соңғы жылдардағы дағдарыстың үлкен – мұнай бағасының құлауы. Бұл – Қазақстан секілді мұнай өндіруші әрі эспорттаушы елдердің экономикасы үшін ауыр соққы болды. Оның салдары инвестиция саясатқа да салқынын тигізді. Экономикалық дағдарыс салдарынан шетелден тартылатын тікелей инвестиция көлемі2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы 37,5% азайған. Соның ішінде тау-кен өндірісі саласында - 58%, шикі мұнай өндіруде - 62%, сауда-саттықта - 47% төмендеген. Ал, машина жасау саласында – 7 есеге, азық-түлік өндіруде - 30%, мұнай өңдеу саласында - 81% өскен. Бұған қарап, дағдарыс тек құлдырау мен қымбатшылық қана емес, өсуге және өсімге мүмкіндік екенін де көруге болады.

Алайда, экономикалық дағдарыс Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің инвестициялық жағдайына әсер етіп отыр. Мәселен, инвестиция тарту Канадада –16%, Австралияда –33%, Чилиде – 38%, Африкада – на 31%, Латын Америкасында –11%, Ресейде - 92% төмендеген.

Міне, көптеген елдердің инвестиция тарту мүмкіндігін тарылтқан дағдарыс байланысты инвестициялар жəне даму министрлігіне инвестиция тарту мен индустриаландыру бағдарламасы бойынша жоспарланған жұмысқа өзгерту енгізіп, қазіргі жағдай икемдеп, инвестиция тартудың жаңа жолдарын, мүмкіндіктерін қарастыруда. Астанада өткен жиын сол жаңа мүмкіндіктерді іздеудің бір бағыты.

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар