Биыл көп адам ажал құшқан жол апаты жиілеген: ІІМ не дейді?

Сағыныш Сардарова 20 қар. 2025 10:08

Биыл адам өлімімен аяқталған жол апаты 31%-ға өскені байқалады. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осыған байланысты патрульдеу маршруттары мен полиция қызметкерлерінің саны барынша көбейтілмек.

"Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтер үздіксіз ұйымдастырылады. Жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарын бақылау күшейтілді. Заңсыз тасымалдаушылар мен такси қызметіне қатысты тексерістер жандандырылды. Елді мекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларының алдын алу бойынша да қосымша шаралар қабылданады", - деді ІІМ өкілі.

Сонымен қатар, жол инспекциясы күн сайын жолдың жағдайын бақылайды. Жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдардың барлық учаскесі ерекше бақылауға алынады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар