"Бұқтырма ГЭС" АҚ "Самұрық-Энерго" балансынан шығарылды

Кәмшат Тілеухан 03 қаз. 2025 12:40

"Бұқтырма ГЭС" АҚ "Самұрық-Энерго" ұлттық компаниясының шешіміне сәйкес Green Power PLC қарамағына өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы хабарладыда іскерлік ақпарат орталығының тілшісінің сұрауына жауап ретінде хабарлады

"Бұл шешім БЭК (баламалы энергия көздері) мен ГЭС активтерін "жасыл" энергетиканы дамытуға маманданған құқықтық құрылымға шоғырландыруға байланысты қабылданды", - деп түсіндірді квазимемлекеттік компанияның баспасөз қызметі Kapital.kz сауалына берген жауабында.

 

Айта кетсек, Qazaq Green Power PLC акцияларының 100%-ы "Самұрық-Энергоға" тиесілі.

"ГЭС-ті өткізіп беру Qazaq Green Power PLC акцияларын өзінің жалғыз акционері - "Самұрық-Энерго"АҚ-ға орналастырып, Qazaq Green Power PLC жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жүзеге асырылды. Qazaq Green Power PLC-тың орналастырылған акцияларына "Бұқтырма ГЭС" АҚ-ның дауыс беретін жай акцияларының 96,3% берілді. Мәміледен кейін "Самұрық-Энерго" өзінің 100% еншілес компаниясы Qazaq Green Power PLC арқылы "Бұқтырма ГЭС" АҚ-ның 96,3% акцияларына ие болып қала береді", - деп түсіндіреді ұлттық компания.

Бұқтырма ГЭС-і Ертіс өзенінде, Бұқтырма өзенінің сағасынан төмен, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. ГЭС Ертіс каскадына кіреді, оның жоғарғы сатысы болып табылады. ГЭС 1953 жылы салынды, ал оның қондырғылары 1960-1966 жылдары қолданысқа енгізілді. 

Бейсенбі, 2 қазанда KASE-де "Самұрық-Энерго" квазимемлекеттік компаниясы "Бұқтырма ГЭС" АҚ-ны балансынан шығарғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл Qazaq Green Power PLC құрамындағы жалғыз актив емес. 2025 жылғы ақпанда оның құрылымына Өскемен және Шүлбі ГЭС-тері де өткен. Бұған дейін бұл екі ГЭС-ке де "Самұрық-Энерго" тікелей иелік еткен.  Жалпы, болашақта  "Самұрық-Энергоның" Qazaq Green Power PLC-ны IPO-ға шығару жоспары бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар