Бүгінгінің басты қаруы – білім мен ғылым

Dalanews 19 мам. 2021 10:19 251

Мамыр айының басында Қазақстанда бірнеше мереке бар. Оның бірі де бірегейі ҚР Отан Қорғаушылар күні. 7 Мамыр күні Отан қорғаушылар күнін атап өтіп, әскери салада қызмет етушілер мен ер азаматтарымызға сый-құрметімізді көрсеттік.

Дұрыс-ақ,  біздің Отан қорғаушылар, бүгінгі әскеріміз  – Бату хан мен Кетбұға бастап жарты әлемді жаулаған, Қабанбай мен Бөгенбай қолбасшы болып Ұлы даланы қорғаған, хан Кене мен Махамбет болып азаттықты аңсаған, Бауыржан мен   Раxымжандар бастап фашистерден Кеңес одағының астанасы болған Маскеуді ғана емес, адамзатты қорғаған қазақ қарулы күштерінің жалғасы. Сол қазақ қарулы күштері жаңа заманда ағымға сай қайта құрылылып, Егемен елдің қауіпсіздігін қадағалауды міндеттеріне алып отыр.

Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет екенін, 2017 жылы ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналып өткізілген сегізінші әскери шеруге сол кездегі президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан еді.

«Баһадүр бабалар ұлы даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап бізге аманат етіп қалдырды. «Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген дана халқымыз. Жау жүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр, бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны. Жауынгерлік ту – туған жерге адалдықтың, ерлік пен батырлықтың нышаны. Қасиетті байрақ рухы биік, ер жүрек сарбаздарды әрдайым жеңіске жетелейді»,- деген Елбасы.

Десек те, бүгінгі күні үшін Отан қорғау - тек әскердің ғана міндеті емес, әр азаматтың міндеті. Әр азамат азат елінің маңгілік болуын қалайды. Сол үшін азаматтарымыз азатығымызға, елдің тұрақтылығына, мемлекетіміздің гүлденіп дамуына, тұрғындарымыздың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттің барлығына қарсылақ көрсетеді.  Сондықтан Отан қорғаушылар күні  тек жігіттердің ғана емес, тұтас қазақ xалықының ұлттық мерекесі. Бұл біздің өз өзімізді қорғай алуға қабылеттілігімізді танытатын мереке.  Қазақстанның бар азаматы  Қазақ Елінің отан қорқаушысы.

Бүгінгі күнде Отан қорғау қолға қару алып, әскерге бару ғана емес. Әр азамат бәсекеге қабылетті, өз саласында білікті маман болуы арқылы да Отанның қорғайды. Заман талабына сай Отан қорғаудың басты қаруы білім мен ғылым. Әр азамат білікті де, білімді болса кез-келген салада елінің  мүддесін қорғап қалады. Сонымен бірге, Отанды қорғау халықтың бірлігі мен азаматтардың жауапкершілігі. Отан қорғаудың басты қаруы – білім

мен ғылым, береке мен тәртіп екенін әлемге тараған коронавирус пандемиясы  кезінде де көрдік. Коронавирустан Отанымызды қорғап қалуда еліміздің, азаматтарымыздың бірлігі, денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігі мен қажыр қайраты, елдегі қауіпсіздік күштердің тәртіпті қадағалуы бір-бірін толықтырды. Бұл індет кезінде біздің отан қорғаушылар елін қорғайтын қару жасап шықты. Ол – коронавирусқа қарсы отандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасы. Бұл вакцинаны дайындаған Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының мамандары отанын қорғаған жанкешті жауынгер деуге болады.

Осы сияқты ендігі кезекте Отан қорғаушыларымыздың алдында коронавирустан кейінгі ел экономикасын қалпына келту мен еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, шағын және орта бизнесті, ғылым мен техниканы дамыту сияқты бірнеше  міндет тұр. Бұл сыннан да елдің бірлігі мен қажыр-қайратының, ел азаматтарының, жастардың тың идеиялары мен білімінің негізінде өтерімізге шүбә жоқ. Азаматтарымыз ғылым мен білімге құштар болып, елімізге, жалпы адамзат пен табиғатқа ең пайдалы жобалар жасап жатса, оның бәрін нағыз отан қорғаушылар болмақ.

Отан қорғауда тоқталарымыз мына Тұран даласын қорғап өткен бабаларымыздың «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»,- деген даналық сөзі болмақ.

 

Тұрдыбек ҚҰРМЕТҚАН


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,


Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x