Cауда және интеграция министрлігі ішкі сауда ережелеріне және сауда нарықтарының қызметіне бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізді. Аталған ведомство бұйрығы 11 қазаннан бастап өз күшіне еніп, тұтынушыларға да, саудагерлерге әсер ететін болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл реттегі басты жаңашылдық қазақстандық тауарларға арналған міндетті квотаны енгізу болмақ. Оған сәйкес, енді дүкен сөрелеріне қойылған тауарлардың кем дегенде 30% отандық болуы тиіс. Онда да бұл квота былайша жекелей қолданылады:
- азық-түлік тауарлары орналасқан сөрелердің кемінде 30%-ы қазақстандық өнімдерге берілуі тиіс.
- азық-түлікке жатпайтын тауарлары бар сөрелердің кем дегенде 30%-ы отандық болуы тиіс.
"Егер дүкен иесі жергілікті тауарлардың жеткілікті мөлшерін таба алмаса, квотаны толтыру үшін отандық өндірушілердің бірыңғай тізіліміне өтінім жолдауы міндетті. Өтінім қанағаттандырылмаған жағдайда ғана сатушы қалған орынды өз қалауы бойынша толтыра алады", - дейді мамандар.
Бір тауардың екі түрлі бағасын көрсету
Сонымен қатар өзгерістер тұтынушылар үшін ашықтықты арттыруға бағытталған.
Екі дара бөлек бағалар: енді сатушы тауардың екі бағасын көрсетіп қоюға міндетті, егер ол өз қаражаты есебінен бөліп төлеу тәсілін ұсынса: біреуі - бір реттік төлем үшін, екіншісі - бөліп төлеу тәсілін қолданатын тұтынушы үшін. Бұл тұтынушыларға айырмашылықты анық көруге және соған сәйкес өзіне оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Акцияға қойылған тауарларға кепілдік беру
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңына сәйкес, жеңілдікпен ұсынылған немесе жаппай сатылымға (оның ішінде бөліп-бөліп) шығарылған барлық тауарға тұтынушыға қатысты кепілдік беру, айырбастау және кері қайтару сынды құқықтары толық көлемде қолданылуы тиіс екені нақтыланады.
Сауда орталықтары мен базарларға арналған жаңа міндеттер
Сауда орталықтары мен базарлардың әкімшіліктері үшін тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар жаңа талаптар енгізіледі:
- Шағымдануға арналған QR кодтары: әрбір жалға алынған сауда орнында сатып алушылармен кері байланыс болуы үшін QR код қойылуы керек.
Жариялылық
Әкімшілік жұмыс регламентін, жалдау ережелерін және қызметтер тізімін сайтта және қолжетімді орындарда орналастырып, жариялауға міндетті.
Санитарлық күндер: міндетті түрде санитарлық күндер енгізіледі, ал сауда орталығы мен сауда ойын-сауық орталықтарына күн сайын тазалық жүргізу міндеттеледі.
Есептілік: сауда орындарында қозғалыс схемасы көрнекі жерге орнатылып, тұтынушылар туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйеге жыл сайын ұсынуы міндетті.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде оған үстемеақы ретінде шығыстарды енгізуге тікелей тыйым салынады. Атап айтқанда, үстеме ақы төлеуге тыйым салынады:
- бөлшек саудагерге төленетін сыйақыларды (мысалы, жеткізушілердің ретро бонустары).
- тасымалдау, сақтау және импорттау шығындарын.
- жасырын комиссиялар мен алымдарды.
- несиелер мен сақтандыруды рәсімдеуге байланысты шығыстар.
Бұған дейін қаржыгер маман дүкенде тауардың екі бағасын бөлек көрсету амалы жақсылыққа апармайтынын болжап, тәжірибе жүзінде есеп-қисаптар ұсынған болатын.