Беларустық АЭС: мемлекет ең сәтті атом жобаларының бірін қалай жүзеге асырды

Dalanews 25 жел. 2025 09:33

Беларусь атом электр стансасы ТМД елдері арасындағы ең көрнекті энергетикалық жобалардың біріне айналды. Технологияларды таңдау, құрылыс мерзімі және қауіпсіздік стандарттары туралы жалғасып жатқан пікірталастар аясында Беларуссияның тәжірибесіне қызығушылық жоғары болып қала береді. Неліктен аталған мемлекет атом электр стансасын салу туралы шешім қабылдады, технологиялар қалай таңдалды және қорытынды таңдауға қандай факторлар әсер еткенгі туралы Dalanews.kz дайындаған материалдан оқыңыздар.

Ресейлік «Геоэнергетика» сайтының бас редакторы, сарапшы Борис Марцинкевичтің айтуынша, Беларусь экономикасы көптеген жылдар бойы газға тәуелді болды.

«Атом электр стансасы іске қосылғанға дейін ұлттық генерацияның шамамен 90 пайызы газдан келді. Бұл шешім тек мемлекеттік шешім болды. Энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан бір ресурсқа тәуелділік дұрыс емес. Бұл әрқашан тәуекелге апарады. Бұл жерде Ресеймен қандай да қарым-қатынас саяси тұрғыдан маңызды емес. Газ құбырындағы техникалық проблемалардан ешкім сақтандырылмаған. Кез келген ақаулар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Содан кейін қарапайым сұрақ туындайды, бұл жағдайда не істеу керек? Мұндай тәуекелге барудың еш қажеті жоқ екендігі нақты айықындалып, Беларусь атом электрстансасын салу туралы шешім қабылдады», - деді Борис Марцинкевич.

Сарапшы атом энергетикасын таңдау тепе-теңдікті әртараптандыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. БелАЭС-тің екі энергия блогы пайдалануға берілгеннен кейін елдегі табиғи газды тұтыну жылына 5 миллиард текше метрге қысқарды. Бұл төмендеу бастапқы есептеуді растады. Атом генерациясы электр энергиясын өндірудегі газдың үлесін едәуір азайтуға және энергиямен жабдықтаудың неғұрлым тұрақты және болжамды моделін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

«Росатомды» таңдаудың себептері

Неліктен Беларуссия ресейлік серіктеске тоқталды. Сарапшылар қауымдастығында олар тек географиямен немесе саяси жақындықпен түсіндірілмейді. «Геоэнергетика» сайтының бас редакторы Борис Марцинкевичтің айтуынша, шешуші фактор Беларусь тарапына тән прагматикалық тәсіл болды.

«Атом электр стансасын салу туралы шешім президент деңгейінде қабылданғаннан кейін, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімі ядролық физика институтының мамандары жұмыс тобын құрып, әлемдік тәжірибені жүйелі түрде зерттей бастады. Олар бүкіл әлемді аралап, салынып жатқан атом стансаларына қарады. Онда олар оның құнын, құрылыс мерзімін, қауіпсіздік деңгейін және сенімділігін бағалады. Топ шамамен үш жылжұмыс істеді. Олар Францияға барып, АҚШ-тағы жобаларды зерттеді. Финляндияда құрылыстың қалай жүріп жатқанын көрді, Қытай тәжірбесіне қарады», - деп түсіндірді маман.

Сарапшы түсіндіргендей, қорытынды таңдау ресейлік мердігердің пайдасына жасалды. Өйткені корпорация толық, жабық қызмет көрсетті.

«Росатом МАГАТЭ талаптары мен таратпау туралы шарт бойынша ұлттық заңнаманы дайындауға көмектесуден бастап, мамандарды даярлауға және сәулеленген ядролық отынды қайта өңдеуге дейінгі шешімдердің толық кешенін ұсынды. Яғни, бірнеше серіктес іздеудің қажеті жоқ. Бәрін бір жерде жасауға болады. Бұл саясатсыз прагматикалық шешім болды», - деп атап өтті спикер.

Неліктен ВВЭР-1200

Беларусь атом электр стансасында қауіпсіздік көрсеткіштері жақсартылған 3+ буынына жататын және «Росатомның» ең заманауи дамуы болып саналатын ВВЭР-1200 реакторлары қолданылды. Сарапшының айтуынша, қорғаудың жоғары деңгейі басты артықшылық болды.

«Бүгінде бұл блокта 36 қауіпсіздік жүйесі іске асырылды. Бұл жобаның апатқа ұшырау ықтималдығы миллион жыл жұмыс істеуге есептелген алғашқы реактор. Беларусь атом электрстансасында екі энергия блогы жұмыс істейді. Осындай схема бойынша Балқаш ауданында да құрылыс жоспарлануда», - деп атап өтті сарапшы.

Стансаның құрылысы тоғыз жылға созылды. Оның ішінде 2011 жылы жапондық Фукусима апатынан кейін екі жылдық халықаралық үзіліс болды.

«Ол кезде бүкіл әлемде құрылыс жұмыстары екі жылға тоқтатылды. Осы уақыт ішінде қауіпсіздік кодексі жаңартылды. Жобаны пысықтап, МАГАТЭ-мен қайта келісуге тура келді», - дейді Борис Марцинкевич.

 

Неге EPR-1600 реакторы емес

Сарапшының айтуынша Беларусь мамандары EPR-1600 Француз жобасын да қарастырған. Оның сөзінше талдау егжей-тегжейлі болды және басқа елдердің, ең алдымен Финляндияның ашық тәжірибесіне зер салған.

«Белорустар EPR-1600 жобасын, соның ішінде Финляндияның тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеді. Нәтижесінде олар одан бас тартты. «Олкилуото» стансасының құрылысы шамамен 18 жылға созылды. Бұл ретте жобаның бастапқы сметалық құны шамамен 4,5 миллиард долларды құрады. Ал қорытынды құны шамамен 18 миллиард долларға дейін өсті. Құнның өсуі Францияда 30 жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде жаңа атом стансалары салынбағандығымен, өндірістік тізбектер жоғалғандығымен, АЭС жабдықтарын шығаруға арналған зауыттар басқа бағыттарға қайта бағытталғандығымен түсіндіріледі. Нәтижесінде фин жобасына жабдықты жеткізуді 34 елден 21 мыңға жуық компания жүзеге асырды. Ал реттеуші зауытта және жеткізілгеннен кейін қосарлап қабылдауды талап етті. Көптеген компаниялар үшін тапсырыстар бір реттік болды. Бұл шығындарды да арттырды. Нәтижесінде баға әр кезеңде өсіп отырды», - деп түсіндірді сарапшы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар