Freedom Inside '26

Атыраулық өртсөндіруші 165 тонналық вагонды сүйреп, Қазақстан рекордын жаңартты

Атыраулық өртсөндіруші 165 тонналық вагонды сүйреп, Қазақстан рекордын жаңартты
видео кадры

Атырау облысында қызмет ететін өрт сөндіруші Ерсейт Бралин Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Құрманғазы ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі салмағы 165,2 тонна болатын теміржол вагонын 9 метрге дейін сүйреп апарған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Рекорд орнату сәтін жүздеген адам тамашалаған. Ерекше жетістік ресми түрде тіркеліп, Ерсейт Бралинге КИнЭС-2026 Қазақстан рекордтар кітабының батыры атағы берілді.

Салтанатты шара барысында спортшыға арнайы сертификат табысталып, ат мінгізіліп, иығына шапан жабылған.

Айта кетейік, бұл Ерсейт Бралиннің алғашқы жетістігі емес. Ол бұған дейін, 2024 жылы, салмағы 94 тонна болатын вагонды орнынан қозғап, рекорд орнатқан еді. Жаңа нәтиже оның алдыңғы көрсеткішінен едәуір жоғары болып, елдегі күш спортындағы жаңа межені белгіледі.