Астанада мектеп аумағында болған төбелеске қатысушылар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полиция қызметкерлері елордадағы мектептердің бірінің аумағында қоғамдық тәртіптің бұзылу дерегін анықтап, жолын кесті.
ІІМ мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім көлікпен оқу орны аумағына заңсыз кірген. Өзіне жасалған ескертуге агрессивті түрде жауап беріп, соның салдарынан жанжал туындаған.
"Тексеріс нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды. Сонымен қатар, көлік жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды. Жасөспірімнің ата-анасын оның тәрбиесіне қатысты міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Материалдар профилактикалық шаралар қабылдау үшін оның тұрғылықты жеріне жолданды", - деп жазылған хабарламада.
