Астанадағы бұрынғы Дариға Назарбаеваның саяжайы орналасқан жердің тағдыры белгілі болды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кездесу барысында қала тұрғындары әкімнен саяжай бұзылғаннан кейін бос қалған аумаққа қатысты сұрақ қойды. Бұрын бұл аумақ биік қоршаумен қоршалған болатын.
Әкімнің айтуынша, саяжай орнына қалалық инфрақұрылымға қажетті жаңа нысандар бой көтереді.
“Қазір бұл аумақтағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, шамамен 12 шақырымға созылатын ашық жағалау болады — Ататүрік саябағынан бастап әрі қарай. Сондай-ақ бұрынғы Қарттар үйі мен аталған (саяжай — ред.) аумақтың арасында мемлекеттік мектеп салынады”, – деді Жеңіс Қасымбек.
Әкім сондай-ақ, саяжайдан қалған қоршау толықтай алынып тасталатынын жеткізді.