Астанада бір емханадан ұрланған қаражат Италияға тур сатып алуға жұмсалған

Сағыныш Сардарова 08 сәу. 2026 16:16

Астана прокуратурасы қалалық емханада бюджет қаражатын жымқыру схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеріс барысында медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталған.

Қаражат олардың жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шотына аударылып, заңды операциялар ретінде бүркемеленіп отырған.

Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, одан бөлек, Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асқан.

Бұл дерекке қатысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove