Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды

Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды
gov.kz

Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ІІМ-нің әскери-тергеу бөлінісі қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

"Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр", - деді ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, бұл қызметті Қанат Ниязбеков атқарған болатын.

Еске салайық, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Суға кеткен 17 әскери қызметшінің 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды. 

Осыған байланысты 25 қыркүйек - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

Қайғылы оқиғаға қатысты 12 сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, трагедияға байланысты күдіктілер анықталды. Бұған дейін Қорғаныс министрлігінен бес адам ұсталды.