Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің саны 12-ге жетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің саны 12-ге жетті
ЖИ: Dalanews.kz

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің саны 12-ге жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болғанын хабарлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен. Олардың тоғызы қаза тапқан. Үш әскери қызметші құтқарылып, біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізілген.

Оқиға бойынша қылмыстық іс те қозғалып, тергеу басталды. Жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп, сот сараптамалары тағайындалған. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.

Артынша Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.