Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. 12 сараптама тағайындалды.
Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды.
Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Теңізге ағып кеткен 17 әскери қызметкердің 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Осыған байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Маңғыстаудағы трагедия: қаза тапқандардың тізімі жарияланды, екі адам әлі іздестіріліп жатыр