АҚШ-тағы қарлы дауылдан қаза тапқандар саны 45 адамға жетті

Dalanews 28 қаң. 2026 06:26

АҚШ-тағы қалың қар мен боранның әуресі басылмай тұр. Тіпті, қарлы боранда 45 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Dalanews.kz

AP мәліметінше, қаза болғандардың арасында Техаста мұз астына түсіп кеткен үш бала, сондай-ақ Нью-Йорк көшелерінен табылған он адам бар. Агенттік мәліметінше, бұл оқиғалар қоғамда билік органдарының әрекетіне, әсіресе мэр Зохран Мамданидің халықтың осал топтарын қорғау үшін қабылдаған шараларына қатысты қызу пікірталас туғызды.

Сейсенбі кешіндегі жағдай бойынша 448 мыңнан астам тұрғын үй мен кәсіпорын электр қуатынсыз қалды. Электр жарығының өшуінің жартысынан көбі Теннесси мен Миссисипи штаттарында тіркелген.

АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметі жұма және сенбі күндері елдің шығыс бөлігінде арктикалық суықтың күшейетінін болжап отыр. Демалыс күндері жаңа қысқы дауыл соғып, елдің оңтүстігінде, оның ішінде Флоридада да рекордтық деңгейде төмен температуралар күтіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove