АҚШ-тың Вашингтон штаты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айын ресми түрде таныды. Бұл туралы штат губернаторы Боб Фергюсон X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz
Губернатордың айтуынша, штаттағы мұсылман қауымы қоғамның ажырамас бөлігі саналады және білім беру, денсаулық сақтау, экономика, технология, өнер мен азаматтық қоғам салаларының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Боб Фергюсон Рамазан айының бүкіл әлем мұсылмандары үшін ораза, құлшылық, қайырымдылық және ынтымақ кезеңі екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл ай жомарттық, өзін-өзі тәртіпке шақыру, шүкіршілік пен әлеуметтік жауапкершілік сияқты құндылықтарды нығайтады.
Сондай-ақ ол Вашингтон штаты Рамазан мен Құрбан айт мерекесін ресми түрде мойындаған АҚШ-тағы алғашқы штат болғанын еске салды.
Еске салайық, 2026 жылғы 18 ақпан мен 19 наурыз аралығы Рамазан айы болып жарияланды.
