Ақпарт министрлігінің қолдауымен «Тәуелсіздік күнделігі» шығарылуда

Dalanews 01 қар. 2021 17:16 830

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жобалық кеңсе «Тәуелсіздік күнделігі» жобасы іске қосылды. Бұл ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу құрметіне өткізілетін негізгі іс-шаралардың апта сайынғы бейнеальманахтар. Бұл жоба ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта бейнеальманахтың кезекті 26-шы шығарылым шықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан тұрғындары видеодайджесттен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ел өңірлерінде өткен ең басты іс-шаралар, сондай-ақ Қайырымды істер марафонының іске асырылуы туралы біле алады.

– Осы бейнежоба арқылы қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы елімізде қалай атап өтіліп жатқанын біле алады. Жобалық кеңсе осы мерекелік шараларды үйлестіреді. Жалпы, аптасына әртүрлі форматтағы 150-ден 250-ге дейін түрлі ивенттер өткізіледі, көп жағдайда бұл танымдық іс-шаралар. Бейне күнделік Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеудің жалпы көрінісін қарауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Бағлан Айдашов.


«Тәуелсіздік күнделігі» – «Хабар», «Қазақстан», «АстанаТВ», «Алматы» телеарналарында, кабельдік операторлардың бағдарламааралық бейнематериалдар ретінде көрсетіледі, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кеңінен таратылады.

Апта сайын видеодайджест 30jyl.kz – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін барлық іс-шаралар туралы анонстар мен жаңалықтар жарияланатын арнайы сайта орналастырылады.

«Тәуелсіздік күнделіктерімен» төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://30jyl.kz/ru/kundelik/

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар