Республикашылардың үшеуінен басқасының барлығы оның кандидатурасын қолдады, ал Сенаттағы барлық демократтар қарсы дауыс берді. Осылайша жиналған дауыс 50-де 50-де болып, тележүргізуші кандидатурасын қолдауда мәселе тығырыққа тірелді. АҚШ вице-министрі Джеймс Дэвид Вэнстің дауысы бұл арада шешуші рөл атқарды.
"Хегсет Пентагонға бара салып, Трамптың депортациялау үкімін іске асыру үшін әскерді пайдалану әрекеттерін талқылауға, бүкіл әлем бойынша әскерлерді орналастыруды бағалауға, әртүрлілік бағдарламаларын жоюға және қай жоғары офицерлер өз лауазымдарын сақтап қалатынын анықтауға бар күшін жұмсауы мүмкін. Қорғаныс министрлігі өзгерістерге дайындалуда", - деп түсіндірді Politico басылымы.
Бұған дейін Пентагон басшысы қызметін әрқашан екі партияның да қолдауына ие ірі ұйымдарды басқаруда үлкен тәжірибесі бар адамдар атқарып келгені айтылады. Сондай-ақ Хегсеттің кандидатурасына қыз зорлау айыбы бойынша да дау келтіріледі. Иә, оның үстіне 2017 жылдың қыркүйегінде осындай арыз-шағым түскен екен. Бұл ретте Хегсет өз кінәсін жоққа шығарады, деп жазады DW.
Бұған дейін сайтымызда "Төрт жыл бұрын Трамптың жеңісін ұрлап алғанда Украинадағы соғыс болмауы мүмкін еді - Путин" деген мақала жарияланған.