Алматының "автобус зираты": Байбектің керексіз мұрасы екі есе бағада қымбатқа сатылды

Dalanews 10 мау. 2025 14:57

Әбден тозығы жетіп, Алматының "автобус зиратында" жатқан 573 автобус ақыры сатылды. Пайдаланудан әлдеқашан шыққан көліктерді Қызылорда облысында тіркелген құрылыс компаниясы сатып алып, қала бюджетіне 160 млн теңгеден астам қаржы түсірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2021 жылы "Алматыэлектротранс" ЖШС электронды сауда алаңына бұл автобустарды 93 миллион теңгеге бағалап қойған еді. Бірақ ұзақ уақыт бойы сатып алушы шықпай, көліктер қараусыз қалғандай күйде жатты. Тек биыл, яғни 2025 жылдың 3 маусымында ғана "Арда Құрылыс" ЖШС автобустарды бастапқы бағасынан біршама қымбатқа – 160 млн 332 мың теңгеге сатып алды.

Қызығы сол, құрылыс компаниясының қоғамдық көліктерді не мақсатпен алғаны түсініксіз. Сауда шартына сай, "Арда Құрылыс" автобустарды екі ай ішінде өз күшімен алып кетуі керек. Олар көліктерді бөлшектеп, металл сынығына өткізе алады, бірақ бұл жұмысты сақтау аумағынан тыс жерде жүргізуге міндетті.

Саяси шолушы Ербол Еділовтің пайымынша, Алматының шетінде темір-терсекке айналып, ұзақ жатып қалған бұл автобустар – экс-әкім Бауыржан Байбектің "қала тарихында қалған мұрасы". Байбек әкім болған кезеңде мегаполистің автобус паркін толық жаңарту науқаны жүріп, ескі техника көптеп есептен шығарылған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар