Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева ұзақ уақыттан кейін қайтадан жұрт назарына ілікті.
Бұл туралы Нұрәлі Әлиевтің жұбайы Аида Әлиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған суреті арқылы белгілі болды. Ол жазбасында өткен кештен алған әсерімен бөлісіп, іс-шараға ризашылығын білдірген.
"Әйелдің өмір жолы туралы керемет кеш болды, рақмет", – деп жазды Аида Әлиева.
Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева 2026 жылдың 15 наурызында Алматыдағы "Целинный" заманауи мәдениет орталығында өткен іс-шарада кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен бірге көпшілік алдына шыққан еді.
Аида Әлиева – Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Әлиевтің жұбайы. Ал Әлия Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының кенже қызы ретінде белгілі.
