Freedom Inside '26

Досын құтқарамын деп суға кеткен баланың денесі табылды

Досын құтқарамын деп суға кеткен баланың денесі табылды

Ингушетияда досын құтқару үшін өзенге секірген 8 жастағы Хизир Дербичевтің денесі табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Осы сәтте Сунжа өзеніне батып бара жатқан досын құтқармақ болып секірген 8 жастағы Хизир Дербичевтің денесі табылғаны белгілі болды. Баланы Ингушетияда сегіз күн бойы іздеген.

Хизирді іздеуге мыңдаған адам жұмылды. Көпшілік соңғы сәтке дейін баланың аман табыларынан үміт үзбеді. Алайда енді өз өмірін қатерге тігіп, досын құтқарған баланың қаза тапқаны белгілі болды.

"Қаза тапқан баланың денесі ол досын құтқармақ болған жерден 10 шақырым қашықтықта табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың денесі өзенді тексеру кезінде төртінші мектеп маңындағы судан анықталған", – деп хабарлайды BAZA.