Freedom Inside '26

292 мың талапкер ҰБТ тапсырды: ең жоғары балл 140 болды

292 мың талапкер ҰБТ тапсырды: ең жоғары балл 140 болды
Ашық дереккөз.

Биылғы негізгі ҰБТ басталғалы бері тестілеу 292 мың рет тапсырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

10 мамырда басталған ұлттық бірыңғай тестілеудің алты аптасының қорытындысы бойынша талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа нәтиже 64 балды құрады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 72%-ы тесті қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде тапсырған. Тағы 469 адам тесті ағылшын тілінде тапсырды.

Әзірге ең жоғары нәтиже Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаирға тиесілі. Ол бес пәннен 140 балл жинап, максималды көрсеткішке қол жеткізді.

Негізгі ҰБТ 10 мамырда басталды. Талапкерлер тестілеуді екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие.

Бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлаған.