Алматыда ойын алаңында баланы тепкен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді.
"Әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кешені ауласында балаға қол көтерген сәті бейнеленген видео кеңінен тарап жатыр. Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді ІІМ өкілі.
Еске салайық, бұған дейін оқиғаның мән-жайын жазған едік.
