Алматыда ер адам ауладағы баланы жүгіріп келіп бір тепті: Полиция неге үнсіз?

Асель Қайратқызы 01 жел. 2025 09:48

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында орын алған оқиға жұртшылықтың назарын аударды. Куәгерлердің айтуынша, балалар арасындағы сөзталас ересектердің араласуына ұласқан, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ер адам аулада ойнап жүрген баланың біріне күш қолданды деген ақпарат тарады. Оқиға барысында ер адамның жұбайы да келіп, зардап шеккен баланың әжесімен сөзге келіп қалғаны хабарланды.

Зардап шеккен баланың туыстарының айтуынша, аталған отбасы өз тарапынан болған әрекетті мойындамай отыр.

Сондай-ақ, учаскелік инспектор тарапынан оларды «татуластыру» жөнінде ұсыныс болғанын, ал оны жүзеге асыру үшін күдіктілер медициналық шығынды өтеуі керектігі туралы ақпарат та тарады.

Қоғам белсенділері мен ақпарат құралдары Алматы қалалық Полиция департаментін бұл оқиғаға байланысты толық әрі әділ тергеу жүргізуге, ересектердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беруге және кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Сонымен бірге, құқық қорғау және қадағалау органдарының назарын оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтауға аудару сұралды.

Балалардың қауіпсіздігі — қоғам үшін басты құндылық. Жергілікті тұрғындар мен көпшілік бұл жағдайдың назардан тыс қалмайтынына, ал жауапты тұлғалардың заң аясында тиісті жауапкершілікке тартылатынына үміт білдіреді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар