Алматыда жеке сот орындаушысы Range Rover көлігін заңсыз иемденіп алған

Сағыныш Сардарова 05 жел. 2025 11:14

Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны заңсыз иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

"Күдікті қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден аса қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ, Range Rover көлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Алмалы аудандық сотының үкімімен ол қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар