Алматыда 30-дан астам инвесторға негізсіз деп танылған салық төлемдері қайтарылып берілді

Кәмшат Тілеухан 21 ақп. 2025 15:40 567

Алматы қаласының прокуратурасы индустриялық аймақтағы 31 инвесторға жер телімдерін пайдаланғаны үшін негізсіз есептелгені салық төлемдерін қайтарға көмектесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алматы қаласындағы индустриялық аймақтың 31 қатысушысына (4,5 мың жұмыс орнын құру перспективасы көзделген 188,1 млрд теңгенің жобаларын іске асыратын) жер телімдерін пайдаланғаны үшін 103 млн теңге салық төлемдерінің негізсіз есептелгені анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік кіріс органдары Салық кодексінің талаптарын (709-баптың 10-тармағы) және инвесторлардың Индустриялық аймақтың Басқарушы компаниясымен шарттарында көрсетілген талаптарды ескермеген, оларға сәйкес жер және мүлік салығының сомасы (оның ішінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер) 100 %-ға азаяды", делінген 2025 жылғы 21 ақпандағы прокуратура хабарламасында.

Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен инвесторларға, негізсіз төлеген ақшалары қайтарылды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс, Алматы қаласының прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Бұған дейін сайтымызда "Қаңтарда салық жоспарға сай жиналса да бюджет кірісі мардымсыз болып тұр. Неге?" деген мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар