Freedom Inside '26

Биыл елге 40 млрд теңге көлемінде заңсыз шығарылған активтер қайтарылды

Биыл елге 40 млрд теңге көлемінде заңсыз шығарылған активтер қайтарылды
gov.kz

Биыл елге 40 млрд теңге көлемінде заңсыз шығарылған активтер қайтарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бас прокурор Берік Асылов ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарының нәтижесін жариялады.

Оның айтуынша, жыл басынан бері елге жалпы көлемі 40 млрд теңге болатын активтер қайтарылған. Оның 37,7 млрд теңгесі ақшалай қаражат болса, 2,3 млрд теңге мүлік түрінде берілген.

Сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік қор есебінен 39 әлеуметтік нысан іске қосылған. Олардың қатарында Ақтаудағы жедел жәрдем станциясы, Шымкенттегі студенттер жатақханасы, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы және Балқаш әуежайын жаңғырту жобасы бар. Бұдан бөлек, өзге де маңызды әлеуметтік нысандар пайдалануға берілген.