Freedom Inside '26

90 жастағы қария ұлының қорлығынан терезе арқылы қашып кеткен

90 жастағы қария ұлының қорлығынан терезе арқылы қашып кеткен
ЖИ

Атырау облысында 90 жастағы қарияның өз ұлы тарапынан қорлық көргені туралы мәліметке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында болған. Туыстарының айтуынша, қарияны үйде еркінен тыс ұстап, сыртқа шығармаған. Ақсақалдың өзі оған тамақ пен су берілмегенін, қол-аяғын байлап қойған кездер болғанын айтқан.

Жақындарының сөзінше, қария бір күні қайшы тауып, скотчты қиып босанып шыққан. Кейін түн ішінде терезе арқылы сыртқа шығып, туған бауырының үйіне жетіп, көмек сұраған.

Туыстары бұл іске зейнеткердің ұлының қатысы болуы мүмкін екенін айтып, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.

Атырау облыстық полиция департаменті 19 маусымда денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп мәлімдеді полиция.