Шығыс Қазақстан облысында есірткі саудасына күдікті ер адамнан 2,8 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ақпарат «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түскен. Тыйым салынған затты өткізу кезінде Өскемен қаласының 49 жастағы тұрғыны ұсталған.
Күдіктінің үйінде жүргізілген тінту барысында полицейлер бірнеше ірі көлемдегі есірткі заттарын тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Оның жалпы салмағы 2,8 келіден асқан.
Сонымен қатар тінту кезінде 1 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленген.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.