Freedom Inside '26

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Akorda.Kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың мәліметінше, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасау және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжаттың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бекітті.

Бұдан бөлек, Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бекітті.

Ақорда аталған құжаттардың мәтіні ресми басылымдарда жарияланатынын хабарлады.