Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде 55 көшкін қаупі бар учаске анықталды. Қауіп Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында орналасқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қонақтарға қар басқан беткейлерге шықпауға және таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
"2-5 желтоқсан аралығында көшкін жүру қаупі бар екендігін атап өткен ТЖД өкілдері азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауын және таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын сұрайды. Қар көшкіні көбіне температураның жоғарылауы, сондай-ақ қар мен жаңбыр түріндегі мол жауын-шашынның әсерінен болуы мүмкін", деп түсіндірді Baq.kz агенттігіне Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Айгерім Қанабекқызы.