Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағы ұшуға дейінгі дайындық реттелмеген түрлі техникалық регламенттердің “арасында” қалып, сол себепті “жағдайдың тұтқынына айналды”. Мұндай мәлімдемені бас көлік прокуратурасы жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мекеменің мәліметінше, салалық қауіпсіздікке қатысты заманауи талаптарға сай кешенді заңнаманың жоқтығы осындай мәселелерді тудырған. Ведомствоның сөзінше, ұзақ уақыт бойы әуе көлігі саласындағы маңызды процестер бір-бірімен байланыспаған ішкі ережелермен ғана реттеліп келді, ал көлік министрлігінде осы бағытта нақты нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға заңды өкілеттік болмаған.
Прокурорлар бастамасымен жаңа заңға өзгерістер енгізіліп, ұшақтарды мұздан қорғау ережелері бекітілді. Бұл тек авиация саласы ғана емес, теміржол мен автокөлік инфрақұрылымында да шешімін таппаған мәселелер бар. Мәселен, теміржолдағы вагондарды жөндеу және жөндеу кәсіпорындарына қойылатын біліктілік талаптары әлі күнге дейін “Қазақстан темір жолы” компаниясының ішкі актілерімен ғана шектелген. Ал заңға сәйкес, мұндай процестер нормативтік-құқықтық тәртіпте реттелуі керек. Бас көлік прокуратурасының талап етуімен көлік министрлігі тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құрды.
Ел ішіндегі автожолдар қауіпсіздігі де дәл осындай олқылықтарға тап болып отыр. Қауіпті учаскелерде жиі орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу тетіктері айқын емес, ал көлік министрлігінде заңды түрде ықпал ететін өкілеттіктер болмады. Прокуратура ұсынысынан кейін “Жол қозғалысы туралы” заңға толықтырулар енгізу қаралып жатыр. Сонымен бірге төтенше жағдайлар министрлігі трассалардағы медицина-спасательный пункттердің орнын анықтайтын арнайы әдістеме бекітті. Бұл дер кезінде көмек көрсетуге жағдай жасайды.
Бұған дейін 300 шақырымдық магистральдық жол жабылып, 400-ге жуық вагонның пайдаланылуына тыйым салынғаны хабарланған. Алдағы уақытта көлік прокуратурасы республикадағы барлық көлік инфрақұрылымындағы негізгі үш мәселені жоюды көздеп отыр.