Алдағы демалыс күндері қарсаңында доллар аздап арзандады

Кәмшат Тілеухан 28 ақп. 2025 16:31 367

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 28 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 499,22 теңгені құрап, бір тәулікте тағы 1,69 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 28 ақпанда аздап төмендеді.

ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің құны 0,87%-ға төмендеп, 1 баррелі 72,93 долларды құрады. 

NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 1,02%-ға арзандап, 1 баррелі 69,63 доллар болды. 

Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 501,49 теңге болған еді.

28 ақпандағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары төмендегідей:

Астана

  • 1 АҚШ доллары: сату – 499 теңге, сатып алу – 505 теңге.
  • 1 евро: сату – 519 теңге, сатып алу – 526  теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,52 теңге, сатып алу - 5,72 теңге.

Алматы

  • 1 АҚШ доллары: сату - 499,3 теңге, сатып алу – 502,3 теңге.
  • 1 евро: сату – 520 теңге, сатып алу – 525 теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,59 теңге, сатып алу - 5,73 теңге.

Шымкент

  • 1 АҚШ доллары: сату – 499 теңге, сатып алу – 503 теңге.
  • 1 евро: сату – 520 теңге, сатып алу – 528 теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу - 5,7 теңге.

Бұған дейін сайтымызда Еуропалық қайта құру және даму банктің (EBRD) ақпан айындағы Қазақстан экономикасына жасаған шолуы жарияланды. Онда өткен жылғы көрсеткіштерге баға беріліп, 2025 жылға болжамдар жасалады. Сондай-ақ Bank of America  Қазақстан экономикасы бойынша 2025-2026 жылдарға қатысты өз болжамымен де бөлісті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар