Bank of America Қазақстан қолға алған салық реформасын тілге тиек ете отырып, оның әсеріне тоқталады. Сондай-ақ халықаралық қаржы институты Қазақстан экономикасы бойынша 2025-2026 жылдарға қатысты өз болжамымен де бөліседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстан ірі салық реформасына қарай қадам басып, бүгіндері басты мөлшерлемелер бойынша қоғамда қызу талқы жүріп жатыр. ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 20%-ға дейін көтеру жөнінде жасалған алғашқы әрекеттерден кейін, біздің инвесторлардың Қазақстанға жасаған соңғы сапарынан белгілі болғандай, қоғам тарапынан болған айтарлықтай қарсылықтан соң экономикалық қызмет түрлері мен бірқатар жеңілдіктер бойынша 16% ҚҚС-тың сараланған түрі пайдаланылуы мүмкін екенін байқап отырмыз", делінген Bofa есебінде.
Үкіметтің бағалауы бойынша, ҚҚС-ты 4 тармаққа арттырудың арқасында бюджеттік әсер шамамен 2,2 трлн теңгені ( 4,4 млрд доллар) құрайды, бұл ретте қосымша кірістердің артуын қамтамасыз ету үшін өтеу шаралары көзделіп отырғанын баса айта кетелік. Нәтижесінде ҚҚС-тың нақты мөлшерлемесі ұсынылған 20%-дан төмен болады. Алайда қоғамда пікірталастар әлі жүріп жатыр, өйткені реформаның жалпы өлшемдері әлі айқын нақтыланбаған.
"Біз айтарлықтай фискалдық шоғырландыру теңге үшін ұзақмерзімді оң фактор болады деген ұстанымымызды растаймыз, өйткені ол Қазақстандағы негізгі макроэкономикалық мәселе - жұмсақ фискалдық саясат мәселесін шешеді. Дегенмен, бағамды қолдайтын барлық ресми валюталық интервенциялар Ұлттық қордан түсетін теңге түріндегі өтімділікті залалсыздандыру үшін ғана қажет. Осы жағынан алғанда, 2026 жылдан бастап шетел валютасы сауда-саттығы көлемінің төмендеуіне қарамастан, фискалдық шоғырландыру шеңберіндегі теңге түріндегі өтімділіктің төмендеуінің негізгі салдары валюталар үшін бейтарап болуы мүмкін"..
Bofa Қазақстан Ұлттық Банкі бұған дейін қатты-қатты мәлімдемелер жасаған, бірақ пайыздық мөлшерлемелерді наурыз айында өзгеріссіз сақтайды деп есептейді.
"Алайда, жуырдағы теңгенің әлсіреуі оның қатаң ұстанымын да әлсіреткен сияқты, өйткені күшті валюта бағаны тұрақтандыруға және инфляциялық күтулердің төмендеуіне ықпал етуі керек. Біз ҚР Ұлттвқ Банк ставкаларды біртіндеп төмендетуге кіріскенге дейін 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өзгеріссіз қалдыруы мүмкін деген бұрынғы көзқарастамыз. Алайда, біз оңтайландырылған бұл саясат материалдық және нарыққа айтарлықтай әсерде болуы керек деп санаймыз".
Бұған дейін сайтымызда Еуразиялық қайта құру және даму банктің Қазақстан экономикасы бойынша алдағы жылдарға арналған болжамын берген болатынбыз. Оған сәйкес, 2026 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі күрт бәсеңдеуі мүмкін.