Қазақстанға Ресейден карантиндік зиянкеспен залалданған күнбағыс тұқымын әкелу фактісі анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік инспекция мәліметінше, Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумағында тексеру барысында қауіпті өнімнің заңсыз әкелінгені белгілі болған.
«Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы тексеру кезінде карантиндік өнімнің залалданған күйде әкелінгенін анықтады. Ресей Федерациясынан, нақтырақ айтқанда Краснодар қаласынан 0,019 тонна күнбағыс тұқымы әкелінген, олар күнбағыстың фомопсис ауруымен залалданған», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Мамандардың айтуынша, фомопсис – ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиян келтіретін қауіпті карантиндік ауру. Сондықтан мұндай өнімдердің ел аумағына енуі қатаң бақылауда болады.