АҚШ пен Иран соғысты тоқтатуға жақын: Құпия келісімнің 14 тармағы белгілі болды

АҚШ пен Иран соғысты тоқтатуға жақын: Құпия келісімнің 14 тармағы белгілі болды
modern.az

Reuters таратқан мәліметке сүйенсек, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізуге аз ғана уақыт қалған. Тараптар Парсы шығанағындағы шиеленісті бәсеңдету үшін арнайы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, құжат 14 тармақтан тұрады. Келісімді әзірлеуге АҚШ тарапынан Стив Виткофф пен Джаред Кушнер қатысқан. Келісім шарттарына сай, Иран ядролық бағдарламасын, оның ішінде уран байытуды тоқтатуға міндеттенеді. Ал АҚШ өз кезегінде санкцияларды жеңілдетіп, бұғатталған қаржыны қайтаруы тиіс. Сонымен қатар, екі ел Ормұз бұғазы арқылы кемелердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге уағдаласқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін басталған "Бостандық жобасы" атты әскери операцияны уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Ол бұл шешімді келіссөздердегі ілгерілеумен байланыстырды және әлеуметтік желіде келісімге қол қою үшін қысқа мерзімді үзіліске келіскенін жазды.

Айта кетейік, Иран ақпан айынан бері Ормұз бұғазын жауып, аймақтағы жағдайды ушықтырған еді. АҚШ-тың әскери әрекеттері нәтиже бермей, керісінше шиеленіс күшейген. Енді алдағы 30 күн ішінде тараптар нақты келісімге келуі тиіс. Егер келіссөздер нәтиже бермесе, АҚШ қайтадан блокада шараларын қолға алуы мүмкін.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елінің әділ келісімге мүдделі екенін айтып, көрші мемлекеттермен, соның ішінде Сауд Арабиясымен де диалог жүргізіп жатқанын жеткізді.