Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады, деп жазады Dalanews.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл жаңашылдық 600 мыңға жуық азаматқа әсер етеді. Жалақыны көтеру бастамасына мынандай мамандықтар енеді:
- бухгалтерлер,
- экономистер,
- заңгерлер,
- мұрағатшылар,
- кітапханашылар,
- мұражайтанушылар,
- орманшылар,
- техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар.
"Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы екі есе ұлғаяды", делінген ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің 6 қаңтардағы хабарламасында.
Бұған дейін сайтымызда "Конверттегі жалақы: Елімізде жұмыс істейтін әрбір үшінші азамат өз табысын жасырады" деген мақала жарияланған.