"1 АҚШ доллары 548 теңгеден сатылуда". Құлдыраған теңге бағамы тізгіндеуге келмей жатыр

Кәмшат Тілеухан 25 шіл. 2025 16:31

Бүгінгі сағат 15:30-дағы жағдай бойынша, KASE-де АҚШ доллары өсімін жалғастырып, бір тәулікте үстіне тағы 2,79 теңге қосып алды. Осылайша шетел валютасының орташа бағамы 544,87 теңгеге жетті. Бұл реттегі баға өсімі осы апта бойында күнделікті орын алды. Мәселен, 21 шілдеден бастап биржада 1 АҚШ долларының құнына 15 теңге үстемеленді (529,44 теңгеден 544,87 теңгеге дейін). Еуро да америкалық әріптесінен еш қалысып жатқан жоқ, осы аптада ол 22 теңгеге қымбаттап, орташа бағамы 639,18 теңгені құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 540-541 теңгеден сатып алынып, 547-548 теңгеден сатылуда. 1 евро 632-633 теңгеден сатып алынып, 639-645 теңге аралығында саудалануда.

"Валюта нарығында "баға жарысы" тоқтап, аптық басылған сыңайлы. 1 АҚШ долларының құны 544 теңге маңайына шоғырлануда. Бұл қарқынның баяулап, нарықтың жаңа деңгейді белгілеу әрекетін танытады. Ірі оферталар (ұсыныс) өсімді шектейді, бірақ сұраныс сақталып тұр. Қазіргі сәтте тепе-теңдік басым, бірақ нарық көлемді өтінімдерге қатысты сезімтал күйде, сондықтан бұрқ еткен кез-келген қызығушылық бағаны қайтадан өрге қарай сүйрелей ала жөнелуі мүмкін. Ал, әзірге 544,30 теңге және 544,69 теңге осы уақытта сүйенуге болатын бағдар болып тұр", - деп жазады "Комментарий" Telegram-арнасында экономист Эльдар Шамсутдинов.

Бұған дейін мұнай саласының маманы Олжас Байділдинов желідегі парақшасында теңге бағамына қатысты көктемдегі болжамы айдай келгенін айтып, жазба жариялаған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар