Біле жүріңіз, полицей мен мұғалімнің мәртебесі қалай түсті?

Dalanews 02 қар. 2020 03:43 231

Өткен аптада Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде Владимир Волковтың төрағалығымен учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту мәселелері талқыланды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері полиция мен мүғалім мәртебесін көтеру жолында көптеген шаралар қабылданғанын білеміз. Бірақ содан осы екі мамандықтың мәртебесі көтеріліп кеткенін көрмедік.

Күнделікті қоғамдық өмірімізде полиция мен мұғалімнің мәртебесін түсуіне кім кінәлі? Біздіңше, қос мамандықтың мәртебесінің төмендеуіне халық кінәлі емес. Бұл басы ашық дүние.

Әдетте мұғалім мен полцияның қоғамдық өмірімізде мәртебесінің төмендеуіне айлықтарының аздығы, баспана мәселесінің шешілмеу кесірін тигізіп жатыр деп айтатынбыз. Бүгінде мұғалім мен полицейдің жағдайы нашар деп ешкім айта алмайды.

Қазір, Құдайға шүкір, мұғалім мен полицейдің айлығы жаман емес. Мемлекеттен тегін және түрлі жеңілдіктерге сүйеніп баспана алып жатқан да осылар. Бірақ қоғамдық өмірімізде мұғалім мен поицейдің мәртебесін көтеру мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Неге?

Оның өзіндік сыры бар. Айталық, елімізде әр бес-алты жыл сайын (уақытында өтсе) Президент және Парламент сайлауы өтіп тұратынын бәріміз білеміз. Сол сайлаудың бел ортасында заңды бұзып, блютендерді урнаға уыстап тастайтын кім? Мұғалім. Мұндай видеолар ютубта өріп жүр. Заң бойынша бұл үлкен қылмыс, алапат әділетсіздіктің басы. Осыдан кейін халық арасында мұғалімдердің беделі өсе ме, әлде өше ме? Әрине, өшетіні анық. Қазір мұғалімдер биліктің қолшоқпарына айналып кеткен.


Тағы да айтсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің реформалары да мұғалімнің миын ашытып, қарапайым халық алдында жеккөрінішті қылып бітті. Онайлан оқу кезінде оған талай рет көзіміміз жетті.

Осыдан біршама жыл бұрын мұғалімдер ағылшын тілінде сабақ беруі керек деген талап қойылғаны есімізде (бұл талап әлі күшінде болуы мүмкін). Бұл талапты Алматы мен Нұр-Сұлтан және облыс орталығындағы мүғалімдерге қойса болар еді. Ал ауылдағы мұғалімдерге ағылшын тілінің не қажеті бар? Жастар қазақ тілінен жетік білмей тұрғанда, оның үстіне ағылшын тілін тықпалауды ақылға сидыра алмай-ақ қойдық. Ал осыдан кейін мұғалімдердің мәртебесі өсе ме, өше ме? Әрине, өшеді.

Енді полиция жайында айтсақ. Сенаттың төрінде депутаттардың учаскелік полицейлердің мәртебесін көтеру мәселесін талқылауға Мемлекет басшысының Жолдауында учаскелік инспекторға басты рөл беру және жергілікті полиция қызметіне жалпы реформа жасаудың уақыты жеткені жайында айтқан сөзі себеп болыпты. Жолдауда Президент учаскелік инспектор мәртебесін заңды түрде арттыруды, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктерді беруді тапсырыпты.

Жиынға төрағалық еткен Андрей Лукин құқық қорғау органдарының қызметкерлерін халықпен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды екенін тілге тиек етіпті.

Рас, бүгінде жалғыз учаскелік полиция емес, бүкіл полиция қызметкерлері халықпен дұрыстап сөйлесе алмайды. Көпшілігі дөкір. Бір ауыз сөзге не қазақша, не орысша дұрыстап жауап ала алмайсың. Менің сөзіме сенбесеңіз, тәртіп сақшыларымен ютубта ұдай тәжікелесіп жүретін Руслан Жанпейісовтың видеоларын қарап шығыңыз. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен жол сақшыларын көріп қарның ашады. Осыдан кейін полицейдің мәртебесі өсе ме, әлде өше ме? Әрине, өшеді.


Бүгінде биліктің шығарған заңы бар. Азаматы қазақ тілінде, не орыс тілінде шағымданса, сол тілде жауап беру керек. Осы талап Үкімет мүшелеріне неге қойылмайтынын түсіне алмай-ақ қойдық.

Екі тілде жетік білетін адам қазіргі таңда полицей болып, басын ауыртпайды ғой. Мойындайық, қазір полицейлердің басым бөлігі ауылдан шыққан балалар, орыс тілін жетік білмейді. Олар заңдарды орысша шала-пұла оқып алған. Ойы қойыртпақ. Олардан қазақшы-орысша да жарытымды жауап ала алмайсың. Мына сөзің өтірік десеңіздер, Руслан Жанпейісовтың ютубтағы видоларын тағы бір шолып шығыңыз. Осыдан кейін полицейдің мәртебесі өсі ме, әлде өше ме? Әрине, өшеді.

Мақаламызға тұздық болған Сенатта өткен жиынға айнылып соқсақ. Жиында сенаторлар қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторларының тікелей функцияларын орындауға кедергі келтіретін мәселелерді атап көрсетті (олар бәрін біледі екен, қалайша үндемей отырған?). Өз кезегінде Андрей Лукин учаскелік инспекторлардың мәртебесін түсіретін біраз жайтты тізбектеп шықты.

– Тұрақты сақталатын бос орындар, нормативтен тыс жұмыстарды орындау есебінен учаскелік инспекторлардың жүктемесі ұлғайып келеді. Сонымен қатар, кейбір аймақтардағы жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметі көбінесе абаттандыру ережелерін сақтауға, рұқсат етілмеген саудаға жол бермеуге, санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге және бюджетті толықтыруға бағытталған. Учаскелік полиция инспекторларының функционалдық міндеттерін сапалы орындауына ұйымдастырушылық проблемалардың көп болуы мүмкіндік бермейді, – деді Андрей Лукин.

Дұрыс, учаскелік полицейлер басы артық жұмысқа жегітін биліктің өзі. Мұны мойындау керек. Олар да «бұл нормативте белгіленген жұмысыма жатпайды» деп айтпасан айттаққа көніп, жетекке жүре береді.

Андрей мырза айтқандай жергілікті жердегі учаскелік полиция инспекторлары көше бойында сауданың айналасын шиырлап, көп жүретіні жасырын емес. Сондағысы төс қалтасындағы қызыл куәлігін шығарып, саудагерден бес-он теңге алу. Бұл полцейдің беделін өсіре ме, өшіре ме? Әрине, өшіреді.


Қазір саудагерлер учаскелік полицейді көрсе кірпідей жиырыла қалады. Полицейдің басты жұмысы қоғамдық тәртіпті сақтау. Көше бойында кәкір-шүкір сатып отырған әйелдер қоғамдық тәртіп бұзушы емес. Оларды жөнге салатын СЭС мамандары бар ғой. Бұған учаскелік полицейдің араласуы орынсыз.

Сенаттың төрінде өткен жиында депутаттар учаскелік полиция инспекторларының жалақысын ұлғайтып, оларды тұрғын үй проблемаларын шешу мәселесін қарауды, сондай-ақ учаскелік полиция пункттерін материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту үшін қосымша қаржы бөлуді ұсынды. Ал бұдан учаскелік полицейдің мәртебесі аспандап кетсе көреміз.

Нұрлан ЖҰМАХАН

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x