Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) хабарлады.
AFAD мәліметтері бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін 6.6 магнитудалық 341 әлсіз соққы болды, күші 4 баллдан асады.
«Измир қаласында 743 тұрғын зардап шекті, бесеуі Манис провинциясында, екеуі Балыкесирде және Айдын провинциясында 54 адам, барлығы 804 адам» деп хабарлады AFAD.
Қираған 17 тұрғын үйдің сегізінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.
Түркияның батысында жұма күні жергілікті уақыт бойынша 14.51-де 6,6 баллдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған.
Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.
Бүгін аталмыш оқиғаға байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев Түркия басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін мәлім етті.