Ежелгі Руна жазуы

Dalanews 01 ақп. 2016 08:47 518

ХХ ғасырдың басында кеңестік битік тiл құрылысы деп аталатын саясат жүргiздi. Ондағы мақ­саты – одақ құрамына енген ұлттар мен ұлыстардың тiлiнің өмiрдiң сан-саласында емiн-еркiн жұмсалуына конституциялық ерiк беріп, iс жүзiнде қоғамдық-әлеуметтiк қолданыс аясын шектеп, мемлекеттiк тiл – орыс тiлiнiң көлеңкесiнде қалдыру. Ұлттық тiлдердi кешендi ғылыми зерттеу бағдарламасын коммунистiк идеологтар өз мүддесi тұрғысынан тыңғылықты ойластырды. “Ұлттық тiлдердiң мәдениетiн көтерудi жеделдетемiз” дегендi желеу етiп, шет аймақтағы республикаларға орталықтан жолдамамен жiберiлген еуропалық нәсiлдi бiлiктi ғалымдарға тапсырысты орындау жүктелдi.

Мәселен, өзбек тiлiн Е. Поливанов, А. Боровков, В. Решетов, қырғыз тiлiн К. Юдахин, И. Батманов, қарақалпақ тiлiн С. Малов, Н. Баскаков сынды оқымыстылар саралап, табиғи акустикалықартикуляциялық заңдылығын еуропалық методологиялық модельге бағындырып, бiр iзге түсiрiлген дербес әлiпбиiн түзiп, сол бойынша ғылыми грамматикасын жазды. Екi тiлдi сөздiктерiн құрастырды. Түркi жұртының ғасырлар бойы тұтынып келген бұрынғы араб графикасының орныналатын қарпiмен жазу үлгiсiн күштеп таңуы – тарихи жадын өшiрумен қатар этникалық-туыстық тұтасуына қарсы ойластырылған мықты тосқауыл болды. Өйткенi, кеңестiк идеологтар араб әлiпбиi исламизмге, түркi тiлдерiнiң сингармонизм заңы пантүркизмге спецификалық тән құбылыс деп шошынды. Кейiнгi ұрпақ ана тілiн “әлiппеден” бастап әлгi жат жұрттық ғалымдардың еңбектерi арқылы бойына сiңiрiп, жазба тiлiн игердi. Бiздiң бағымызға осы аумалы-төкпелi дәуiрде Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Халел Досмұхамедұлы сияқты халқымыздың маңдайалды перзенттерiнiң ана тiлiн ғылыми жүйеге түсiруге, саф таза ерекшелiгiнің сақталуына қосқан үлесi ұшан-теңiз. Орталықтың қақпайлағанына көнбей басын бәйгеге тiккен алаш ардақтыларының кейiнгi тағдыры өктем саясаттың құрбандығына шалынып, шейiт болды. Сөйтiп, қазақ тiлiнiң табиғатына жасалған ғылыми сынақтардың зардабы жұқпалы аурудай санаға тамыр жайғаны сонша, одан таяу арада құлантаза арылу екiталай халге жетті. Егер бұл бетiмiзбен iлгерi кете бергенде мұның арты орны толмастай үлкен қасiретке апарып тынарын ойлаудың өзi жан түршiктiредi.

Құдайға шүкiр, тәуелсiздiк сонысымен қымбат, сонысымен қасиеттi! Алайда, үш ғасырға жуық өзгеге кiрiптар болған елдiң санасының әп-сәтте сауығып кете қоюы оңай емес. Со­ның бiр айғағы – мерзiмдi баспасөз бетiнде қазақ жазуын латын графикасына көшiруге орай қоғамдық пiкiрдi қалыптастыруға жанталасқан күрес үрдiсi. Оны ту қылып ұстанушылардың қадауқадау басты уәжi – отаршылдық идеологияның егiп, сепкен дертiнен шұғыл айығып, орыс тiлiнiң тигiзер ықпалынан қорғанып, әсерiнен құтылу, екiншiден, түркi тiлдес ұлттармен рухани тұтасу арқылы күш бiрiктiрiп, әлемдiк саясатта ұпайын жiбермеу. Бұл позиция елдi елiктiрiп әкететiн ағым болғанымен астарында бұққан гәп бар.

Түркi халықтарын бiр-бiрiнен ыдыратып, тарыдай шашып жiберуде жазу үлгiс­нiң үлкен рөлi болғанын тарихи бастан кешiрдiк. Ендi одан сабақ алатындай шекемiзге тиген жоқ па?! Бұған оқымыстыларымыз әзiрге дәрменсiздiк танытып, ғылыми шикiлiгiн аңғартты. Егер бiз латын графикасын таңдап, оған қайдадан көшер болсақ, бұйдаланған тайлақтай бәзбiреудiң мүддесi тұрғысынан дегенiне ерiп, ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстауына көнетiн нағыз ғаламдастырудың қақпанына өз еркiмiзбен барып түсетiнiмiз зиялыларымыздың әзiрге қаперiне кiрмей отыр.

Демек, графикалық тiл – ұл­тымыздың тәуелсiздiгiн қорғаудың стратегиялық басты критериi. Бұған жеңiл-желпi қарап, атүстi шешiм жасауға әсте болмайды. Бұл күрмеуi қиын, өте нәзiк мәселе. Әсiресе, ақпарат кеңiстiгiндегi бiздiң үнiмiздiң әлсiздiгiн ескерсек, онсыз да басқа тiлдiк жүйедегi насихат пен уағыздың тәрбие iсiне ықпалы пәрмендi қазiргi жағдайда барлық салада қазақтың төлтумалық қасиетiн топан су­дай бiрден жуып-шайып жiбередi. Сосын, “тоқал ешкi мұйiз сұ­раймын деп, құлағынан айрылып­ты” дегеннiң керi келедi.

Зады, ауыздағы қызыл тiлдi суырып алып, орнына басқасын орнату қандай әбестiк болса, алфавит мәселесiн қозғай беру де сон­дай солақайлық. Ағылшындар мен орыстарда, арабтар мен жапондарда жазу таңбасының кескiнiн ауыстыру туралы ешқашан мәселе көтерiлген емес, демек, қазақтардың да бұған ендi қайтып оралып соқпайтындай мәң­гiлiк таңдау жасауы шарт. Ендеше, от пен судың арасынан шығатын жол қайсы?

Асылы, бізде мыңдаған жыл тұтынған төлтума ежелгi руникалық хат мә­дениетi мен таңбатану iлiмi бола тұра, сан мәрте әлiпбиiмiздi ауыстыруға сыртқы саяси күш мәжбүр еттi. Әлбетте, бұл жағдайлар халықтың қалыптасқан тарихи дүниетанымы мен қадым заманнан қордаланған бай тәжiрибе­сiнен қол үзiп, кенжелеп қалуына себепшi болды. Бұлайша тарихи естен тандырып, зерденi жек­сұрын­дықпен жойып жiберу – ха­лық­тың рухани өсiп, кемелденуiне жасалған сұрқия опасыздық едi. Жалпы, өз еркi­мен жаңа алфавитке көшу мәселесi туа бiт­кен әлiпбиi жоқтарға ғана тән құбылыс.

Ұлттық тiлге, сол арқылы ой­лау жүйе­сi­не ықпал жасап тұратын құрал – жазу. Туыстас түрік тiлдерін бiрiктiретiн функцияны да сол жазу атқа­рады. Бұл ретте ежелгi түрік жазу өрнегi – қандас түрік ұлты мен ұлыстарының бә­рi­не бiрдей эталон. Сөздiң конст­рук­циялық құрылысы, сөзжа­сам пiшiндерi, сөз тудыру принцип­терi, үн­дестiк заңына не­гiзделген ем­лелiк-ереже қағидалары, өз­геге ұқсамайтын графикалық дизай­ны ба­йыр­ғы түрік­тердiң тарихи жыл санау­ға дейiн­гi дә­уiр­леген биiк өркениетiн ай­ғақ­тай­­ды. VIII ғасырдағы арабтың жой­­қын шап­қын­шылығынан ерiк­сiз тiрi­дей ажырап қал­ған ата-баба жаз­уын өз билiгiмiз өзiмiзге тиг­енде жал­тақ­­тамай, жатыр­қамай қайтадан ал­уы­мыз қаны­мыз құрамындағы ақпа­раттың оянуы мен рухани соны ты­ны­сы­мыз­ды ашып, патриоттық сезi­мiмiздi қоздырар, күллi түріктiң ай­ды­нын ас­қақтатып, басын бi­рiк­тiрер бақ болып қонар едi.

Сондай-ақ, ежелгi әлiпби нұс­қа­мызға көшуде кездесетiн сан алуан қиын­шы­лық­тарды меңгеру бары­сын­дағы мүмкiн­дiк мұ­қым иiсi төрүк жұртына тепе-тең бөлi­нуiмен әдi­леттi шешiм болары хақ. Бұл үшiн түрік тiл­­дес халық­тардың өкiл­де­рi қай алфа­виттi тұ­тынып отыр­са, сол жазу үлгi­сiн ежелгi тү­рік руникасына тiке­лей өтуге транс­фор­ма­ция жасауына әб­ден болады. Кәсiби ғалым­дар қауы­мы түр­кітану ғылымының iргетасы – ежел­гi руна жазуын иге­руге борыш­ты. Байыр­­ғы бә­дiз­делген бiтiгiн бәз­бiреу­дiң ау­зы­на шайнап салып бер­генi­нен, яки ғылыми транс­крип­ция­лауы­нан оқып, пiкiр сабақ­тау­ға дағ­дыланған оқымыстыларды түркі­та­ну­шы сана­тына қосу ақылға қонбайды. Бұл үй­дiң ең әуелi шатырын, сосын қабыр­ғасын тұр­­­ғызғандай айтар ауызға ұят, сорақы тiр­лiк.

Славян тiлдерiндегi “язык” сөзiн Олжас Сүлейменов ежелгi түркiнiң “iazyk – над­пись, пись­менный текст” ұғымынан шыға­ра­ды. Бұл бастапқы “iaz – пи­ши” түбiр сөзi­нен туған деген қоры­тынды жасайды (Язык пись­ма. Взгляд в доисторию – о проис­хож­­де­­нии письменности и язы­ка малого чело­ве­чества. Алматы-Рим, 1998 г., стр.312). Бiр­ақ бұл арадағы Олже­кеңнiң этимо­ло­гия­лық тал­дауы сәл басқаша. Шын­дығында, ежелгi тү­рік­­тер о баста “иаз” деп жа­зу­ға арналған ма­те­риалдың (саз, ағаш, көн, тас, металл) ке­дiр-бұдыр қыр­тысын қыр­нап өңдеу, яки бе­тiн жазу про­це­сiне тегiстеп ыңғайлау, әзiр­леу мағы­на­сында қолданған. Бұл “кедiр-бұ­дыр­ды иазу” ұғымы жазу ма­териа­лы­ның са­па­лық дам­уымен қатар жа­рыса жұм­салып, уа­қыт өте келе “пi­шу, бiтiк” (Руника жа­з­уы­ның гене­зисi немесе “Пiшiн” таблицасы – ежелгi құпия iлiм. “Ана тiлi” га­зетi, 2001, № 20) сөздерiнiң қыз­метiн атқаратын ауыспалы ма­ғы­наға иеленiп, сино­ним­дiк қатар түзедi.

Осыған орай, тiлiмiздег“жаз” лек­сика­лық бiр­лiгiнiң полесе­ман­тика­лық ерек­шелiгi қа­лыптасқан. VIII ғасыр­да басталған араб экс­пансиясы тiлiмiздiң сөздiк құра­мын өз­гер­тiп, “бiтiк” орнына “жаз+у” сы­ңары бел­сен­­дi жұм­салуына түрткi болды. Ар­на­­йы әде­биет­терде ежелгi түрік жазуы мен ескерткiштерiне қатысты “көне” анық­та­уы­шын қол­дану бұлжымас ғылыми нормаға ай­налған. Мәселен, Астанадағы тәуел­сiз­дiгi­міз­дің 10 жылдығына ар­налған “Ба­йыр­ғы түр­кi өр­ке­ниетi: жазба ес­керт­кiштер” ат­ты ха­лық­аралық ғы­лыми-тео­риялық кон­фе­рен­ция­ның мате­риал­дары жарияланған 36,5 бас­па табақ кiтапты бастан-аяқ ақтарып шық­қанда онда “көне түркi жаз­басы”, “көне түр­кi руникасы”, “көне түркi сөздiгi”, “көне тарих”, “көне мә­де­ниет”, “көне ескерт­кiш­тер” де­ген сөз тiр­кестерi өрiп жүр.

«Көне» сөзiнiң мағынасы орыс тiлiндегi “ста­рый” де­геннiң қа­зақша ау­дармасы еке­нi аян. Яғ­ни, лексе­ма­ның но­ми­нативтi ма­ғы­­на­сы ескi деген­дi бiлдiредi. “Кө­не шапан” де­сек, ша­панның әб­ден тозығы жет­кен, ескiліігiнен ақ­парат бередi. Демек, келтi­рiлген сөз тiр­кес­терiндегi құры­лым­дық “көне” сы­ңары семан­тика­лық реңкi, стильдiк қызметi жа­ғынан екi­ұдай терминдiк ұғым тудырады. Соны­мен қатар оқы­ған жанның сана-сезi­мiнде бiр­ден “бүгiнгi күн­нiң эсте­ти­ка­лық тал­ғамына жарам­сыз, ес­кiрген” деген түсi­нiк­тiң сәу­ле­ленiп тұ­ра қала­тыны даусыз. Ке­рiсiнше, бұл терминдiк ұғымның орысша баламасы “древнетюркский” деп мағыналық сырсипаты дәлме-дәл толық ашылған. Мұнан шығатын логикалық түйiн, маман ғалымдардың кезiнде жiберген сауатсыздығынан қалыптасқан жаңсақ терминнiң мазмұнына мағынасын сәйкестендiрiп, тiлiмiздегi жұмсалатын “ежелгi, бағзы немесе байырғы” адекватты баламасын тұтынса, бiздiң де сорлы емес, мәдениетiмiздiң қайнар бұлағы әрiден басталатындығынан дерек беретiн ақпараттық қыры ашылар едi.

Түркі халықтарының ортақ игiлiгi саналатын ежелгi руникалық қазынамыз бiр кездегi бөгде ұлт өкiлдерiнiң тәржiмалауымен ғылыми айналымға түстi. Ал ол аудармаларды түпнұсқамен салыстырып оқи алатын, оның ғылыми сапасына баға беретiн ұлтымыздың компетенттi маман ғалымдары некен-саяқ, тiптi жоқ. Сондықтан, ескерткiш мәтiнiн транскрипциялауда қыруар кемшiлiктер мен ағаттық жiберiлген. Мысалға жүгiнсек, “Бың йыллар түмен күнлiк бiтiгiмiн белгүмiн анта йасы ташқа йаратытдым”, яғни “Мың жылдар [бойы жүргiзiлген] түмен [сансыз] күндердiң жазуларын андағы жазық тасқа жараттырдым” (“Ежелгi түркi жазуы соғды жазуынан шықты” деген болжамның қателiгi туралы. “Қазақ әдебиетi” газетi, 2001, №20, 18 мамыр) деген сөйлемдегi бiз үшiн өте маңызды деректi ақпаратты түпнұсқа бойынша Тайжан Досанов қалпына келтiрді. Оның Түрік ха­лық­тары­ның жазба дәстүрiнің ғұ­мыр жасын кем дегенде екi мың жылға [бәлкiм, онан да көп болуы ықтимал] ұзартқандығы ғылыми ерлiкке пара-пар жаңалық.

Бiрақ арнайы ғылыми зерттеу мекемелерi мен жекелеген ғалымдар тарапынан бұ­ған әзiрге назар аударылған жоқ. Мiне, бұл түркітану ғылымына қосылған елеулi жаңалықты оқымыстылардың қорыта алмауының өзi мемлекеттiк деңгейде ғылыми элитамыздың өресiздігiн көрсететiн фактор. Ал ғылыми айналымдағы әйгiлi С. Маловтың аудармасы бойынша аталған сөйлем әдейi бұрмаланып, ақпараттық мағынасынан жұрдай боп, өңi мүлдем терiс айналдырылғаны анықталып отыр. Осылайша дереккөздерiн сөйлетудегi шала-пұлалық атақдаңқы жер жарған “түркітанушыларды” тарихи ақи­қаттан ауытқытты. Мұнан түйетiн қорытынды – ежелгi түрік жазба ескерткiштерiнiң түпнұсқаларын бiр орталыққа жинау текстологиялық зерттеу жұмысын жңаша қайта жүргiзудi қажет етедi.

Латын графикасына көшудi жақтаушы отандастарымыздың терең үңiлмейтiнi – кириллица, араб, латын алфавиттерiнiң түпкі тегi бiр, барып тiрелетiнi Финикий жазуы екендiгiн ескер­мей­дi. Ал ежелгi шумерлер мен түрік руникасы арасында байланыс барлығын еуроцентристiк көзқарас терiске шығаруға қанша әрекеттенгенiмен бәрi­бiр ғылым жоққа шығармайды. Демек, бағзы руникалық жазуының бiз­дiң өркениет тарихындағы орнымызды айғақтайтын адамзат қоғамына қосқан құндылығымыз ретiнде маңызы зор. Бiрсыпыра бiлгiштер ежелгi руника жазуын тiлiмiзге лайықтағанмен бүгiнгi өмiрге iле­се алмайды деп соғады. Бұл да негiзсiз айтыла салған пiкiр. Бағзы иероглифтiк жазуындағы жапондар мен қытайлар өзгелерден артық болмаса, кем емес.

Латын алфавитiне көшудi жақтаушы бүгiнгi қазақ бiлiмпаздарының көбi

оны компьютермен байланыстырады. Шындығына келсек, дербес (персональный) компьютердi жетiлдiрiп, қалың бұқараға арнап конвейерлi өндiрiске енгiзудің отаны Жапония, сондықтан, олардың компьютерi өз иероглифтерiне негiзделген. Егер жоғарыдағы дәйектi тiрек етiп, ұстанар болса, жапон иероглифiн алу жөн едi ғой. Бiрақ басқа жұрттар, мәселен, ағылшындар, қытайлар, арабтар компьютердiң тiлi жапон графикасына негiзделуi шарт деп байбалам салған жоқ қой. Бұлардың қайсысы да өз тiлдерiне компьютердi икемдедi емес пе? Ғылыми-техникалық прогресс адам үшiн қызмет етедi ғой. Егер тiлдi компьютерге икемдеудi мақұл десек, күнi ертең одан да тиiмдi технологиялық жасампаздық жаңалықтың табылмасына кiм кепiл?! Сонда алфавитiмiздi тағы да өзгертуiмiз керек пе? Демек, жазу үлгiсiн ауыстыруды компьютермен байланыстырушылардың сүйенген дәлелi дәйексiз тұжырым. Бiз саяси тәуелсiздiк алған­мен рухани тәуелсiздiгiмiзге әлi жете қойған жоқпыз. Бұл үшiн графикалық тiлiмiздiң сыртқы пiшiнi мен iшкi мазмұны реформаланған ежелгi төлтума жазу үлгiсiмен ұштасқанда ғана жан-жақты өрлеуге тың серпiлiс туғызады.

Аманқос МЕКТЕПТЕГІ, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x