ШҚО-да жас шыршаларды кесушілердің алдын алу жұмыстары қолға алынды

Dalanews 17 желт. 2021 17:08 321

ШҚО Полиция департаменті 17-31 желтоқсан аралығында орманшылармен бірге өңірдегі қылқан жапырақты қарағайлар мен өзге ағаштарды заңсыз кесуге қарсы жедел әркет еті жұмысын қолға алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша құқық қорғау органдарының өкілдері орман шаруашылығы өкілдерімен бірлесіп облыс аумағында 22 жедел әрекет ету топтарын құрғанын мәлімдеді.

– Аңшылық шаруашылықтарға кіріп, шығатын жолдарға арнайы бекеттер қойылып, жол бойын бақылау ісі күшейтілді. Бұдан басқа базарлар мен сауда орындарда жас қылқан жапырақты шыршаларды саудалаушылар да бақыланады, – деді полиция өкілдері.

Жаңа жыл мерекесі кезінде жас шыршаларды кесу оқиғалары жиі кездесетіні жасырын емес. Тәртіп сақшылары осындай заң бұзушылықтардың алдын алуды көздеп орманшылармен бірге бақалу жұмыстарын күшейтіп отыр.

Жедел алдын алу шаралары басталған күннен бері полиция қызметкерлері алты құқық бұзушылыққа қатысты әкімшілік іс қозағап үлгерген. Оның екеуі қылқан жапырақты шыршаларды заңсыз кесуге қатысты болған.

Ал Алтай қаласының тәртіп сақшылары «Алтай – Парыгино» тас жолының бойында көлікті тоқтатып, Алтай қаласының 50 жастағы тұрғыны қажетті құжаттары жоқ қарағай көшеттерін алып бара жатқанын анықтады. Полиция қызметкерлері ағаш кескен азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша хаттама толтырған. Дәл осындай жағдай Бесқарағай ауданында да орын алып, 40 жасар азаматтың 26 жас қарағайды кескенін анықталып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x