ШҚО-да Тәуелсіздікпен түйдей құрдас орталық ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға көмек көрсетіп келеді

Dalanews 20 жел. 2021 16:37 923

Еліміз Тәуелсіздігіне ие болған күннен бері ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға көмек көрсету ісіна баса көңіл бөліп, бұл бағыттағы жұмыстарды барынша дамытуда. Шығыс Қазақастан облысында жалғыз басты, өздігінен қозғалуы қиын ерекше қамқорлықты қажетсінетін адамдарға мекмелекет есебінен түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда өңірде мұндай жандарға 15 медицина-әлеуметтік мекемелер тұрақты түрде көмек көрсетеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Шығыс Қазақстан облысында ерекше қамқорлықты қажетсінетін балаларға қызмет көрсететін екі балалар орталығы жұмыс істейді. Олардың бірі Өскеменде орналасса, екіншісі Үржарда жұмыс істейді. Екі мекемеде де кәсіби біліктілігі жоғары мамандар балаларға қызмет көрсетеді.

– Мемлекетіміз Тәуелсіздігін алған күннен бастам еліміздегі айрықша қамқорлықты қажетсінетін адамдарға көмек көрсетуді жауапкершілігіне алды. Міне, содан бері бұл бағыттағы жұмыстың сапасын арттырып келеді. Өз басым осы салада ұзақ жылдан бері жұмыс істеген маман ретінде Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік салада көптеген жұмыстар атқарылды деп нық сеніммен айта аламын, – дейді Өскемен қаласындағы «Ульба» халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Сәния Әубәкірова.   


Айтса айтқандай Өскемендегі «Ульба» халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы құрылып, содан бері ерекше қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмек көрсетуде.

О баста бұл мекеме аз қамтылған зейнеткерлерге қызмет көрсететін бөлім болған. Еліміздің жағдайы жақсарған сәтте орталықтың да жұмысы жанданып, мұқтаж жандарға қызмет көрсетудің ауқымы кеңейе түскен. Бүгінде «Ульба» білікті мамандардың басын қосқан іргелі орталыққа айналып отыр.

«Ульба» халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығы қаладағы жалғызбасты адамдарға да қызмет көрсетеді. Бүгінде орталықта 224 қызметкер жұмыс істесе, олардың 132-і әлеуметтік қызметкер. Сәния Әубәкірова әрбір әлеуметтік қызметкер 8-9 зейнеткерге қызмет көрсететін алға тартты.

Орталықта білікті дефектолог, логопед, психолог, терапевт, педиатр, физиотерапевт ерекше қамқорлықты қажетсінетін балаларға да қызмет көрсететінін айта кетуіміз керек. Бұдан басқа орталықта емдік дене шынықтыру жаттығулары жүргізіледі. Орталыққа келіп ем қабылдайтын балаларға тегін тамақпен қамтылған. Мамандар әрбір балаға көңіл бөліп, сауықтырудың жоспарын дайындайды. Қазіргі таңда орталықтың қызметін 30 ересек, 39 жас жеткіншектер пайдаланады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар