Өскеменнің әкімі кепілге алынған әйелді құтқарды

Dalanews 19 мам. 2021 09:15 218

Жақсылық Омар күйеуі кепілге алған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

YK-news.kz хабарлағандай, оқыс оқиға 18 мамырда кешке қарай Өскемен қаласында болған.

Балтамен қаруланған азамат өзінің әйелін кепілге алып, үйіне қамалып, билік өкілдерінің келуін талап етті, делінген хабарламада.

Қала әкімі оқиға орнына шұғыл жетіп, айналаға қауіп төндірген азаматтың үйіне кіруді жөн деп шешті.

Жақсылық Омар үйге кіріп, ер адаммен сөйлесіп, әйелін жіберуді өтінді.

Олардың не жайлы сөйлескендері белгісіз, бірақ бір анығы - кепілген алынған әйел босатылды.

Одан кейін ашулы азамат балтасын терезеден лақтырып, әкіммен бірге сыртқа шығып, үйді қоршауға алған полиция жасағына өзі берілді, - деп атап өтті басылым.


Оқиғаның егжей-тегжейі әлі белгісіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x