Жетісуда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы талқыланды

Dalanews 19 қар. 2020 10:32 239

JETISÝ MEDIA ақпараттық алаңында Kaztalks форматындағы баспасөз-мәслихаты өтіп, жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» тұжырымдамасы талқыланды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли, блогерлер Сандуғаш Дүйсенова және Қайрат Әбдірахман ашық диалог спикерлері болды.

Іс-шараның ерекшелігі Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері мен инфлюенсерлерінің бірлесіп ел алдына шығуы болды, оларды бір ортақ мақсат-мемлекеттік қызметшілердің халық үшін, атап айтқанда БАҚ өкілдері үшін қолжетімділігін арттыру біріктірді.

– Біздің облыста барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнағанына сенімдімін. Екі облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерін, сондай-ақ аудандық газеттерді, облыстық «Жетісу» телеарнасын және республикалық БАҚ өкілдерін біріктіретін «Өлке тынысы» ЖШС мемлекеттік қызметшілердің имиджін әрдайым қолдайды. Алматы облысы ақпараттық кеңістікте әрдайым бар екенін атап өткім келеді. Менің ойымша, мұндай ашық алаңдар бүгінгі күні үнемі ұйымдастырылуы керек. Сандуғаш Дүйсенова мен Қайрат Әбдірахман сияқты біздің қонақтар кері байланыс механизмін қалай жетілдіру керектігін айтады деп ойлаймын, – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли.


«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Жетісуда белсенді жүзеге асырылуда. Мысалы, Амандық Баталовтың қолдауының арқасында облыстың барлық аудандары мен қалаларында баспасөз хатшылары үшін қосымша штат бөлінді.

Аудандарда болып жатқан маңызды жаңалықтар мен оқиғалар тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Халыққа жақын және қолжетімді болу мақсатында әкімдер мен әкімдіктер әлеуметтік желілерде ресми парақшалар құрды.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін аудандар мен қалалар әкімдері апта сайын тікелей эфирге шығады. Жыл басынан бері олардың қатысуымен 40-тан астам брифинг, оның ішінде онлайн форматта ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аймақтың басқармалары мен департаменттерінде баспасөз хатшылары бар.

Өз кезегінде «Талдықорғандық» ақпараттық паблигінің әкімшісі, 100 мың аудиториясы бар блогер Қайрат Әбдірахманов қазір адамдардың мемлекеттік қызметшілер туралы түсінігі өзгеріп жатқанын атап өтті. Егер бұрын олар тек ересек шенеуніктерді көрген болса, қазір жас, креативті мамандар басым.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x